С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «La Vie Добро» еріктілер отрядының белсенділері отбасы үлгісіндегі балалар үйінде болды.

Еркітілердің айтуынша, балалар үйіне бару – бұл бірінші кезекте үлкен жауапкершілік.  Осы жолы студенттер тәтті сыйлықтарды тарту етіп, балаларға концерттік бағдарлама да арнады. 

- Бұл – біз үшін бір реттік акция емес. Қайырымдылық шараларын жалғастыра бермекпіз. Бұдан былай балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлыққа алып, көмек қолын созамыз, - дейді жасақтың үйлестірушісі Эсет Хайхороева.

Айта кетерлігі, бұған дейін жастар үй-күйсіз азаматтарға көмектесу мақсатында қайырымдылық шарасын ұйымдастырған еді. Отряд мүшелері ыстық тамақ жеткізу кәсіпорнының қолдауымен кешенді астарды сатып алып, қиындыққа тап болған азаматтарға таратты. 

 - Алға қойған мақсаттарымыз көп. Біз үй-күйсіз қалған тұрғындарға көмектесудің бірыңғай жүйесін құруды жоспарлаудамыз. Яғни, еріктілер жасағының жұмысын кәсіби деңгейге көтергіміз келеді. Бұдан бөлек, жастарды өзгенің мәселесіне бейжай қарамауға баулығымыз келеді. Үйсіз қалған азаматтар әдетте қолайлы жағдайлар туралы ұмытып, әлеуметтік қабілеттерінен айырылып жатады. Бұл тұрғыда оларға материалдық көмекпен қатап, психологиялық қолдау да ауадай қажет, - дейді Э. Хайхороева.