С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде VII Қысқы Универсиада аясындағы ерлер арасындағы гір спорты бойынша жарыстар бастау алды.

Жарыстардың бас судьясы, халықаралық санаттағы судья Серік Абдахиннің айтуынша, (Астана қ.) аталмыш кезеңде 11 команданың 60 спортшысы өзара бақ сынасты. Қатысушылар 63 келіден 95+ салмақ дəрежесінде шеберлік байқасты. 

Спортшылар 10 минут ішінде 16, 24 жəне 32 келілік кір тастарын тоқтаусыз көтерді. Кір тасын жерге қою жаттығудың автоматты түрде аяқталғанын білдірді.

«Кір спортымен кез келген жаста шұғылдануға болады. Бұл спорт студенттердің денсаулығына оң əсерін тигізеді. Жаттығулар артық салмақтан арылуға, бұлшықеттерді нығайтуға көмектеседі.

Сонымен қатар, төзімділік пен қозғалыстардың үйлесімін дамытады»,- дейді С.Абдахин.