Үстіміздегі жылдың 5 наурызында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Nomad» жаттығу залының салтанатты ашылуы өтті.

Енді қызметкерлер мен оқытушылар университет қабырғасынан шықпай-ақ, салауатты өмір салтын серік етпек. Мұнда спортсүйер қауымы үшін велотренажер, белтемір, жүгіретін жол, пресске арналған белтемір және өзге де көпфункциялы құралдар қолжетімді. 

Салтанатты ашылу салтанатына С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова қатысты.   

«Оқытушылар мен қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында университет ішінде жаттығу залын ашуды шештік. Жұмыс орнында спортпен шұғылданғанда, күйзеліске төтеп бере аламыз. Сонымен қатар, бізге жүктелген міндетті орындау қабілетін жақсарта түсеміз», - деп атап өтті Г. Ахметова.

Айта кетерлігі, оқытушылар мен қызметкерлерге арналған корпоративтік абонементтерге жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар, жаттығу залына барудың  икемді кестесі әзірленіп, электронды кезек жүйесі енгізілген. 

Жаттығулар тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жүргізіледі.