С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Студенттік спорт мәселелері және оларды шешудегі жаңашыл әдістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Пікірталас алаңында өз ойларымен Дене шынықтыру ғылыми-тәжірибелік ұлттық орталығы, Павлодар облысындағы аймақтық дене шынықтыру оқу-тәжірибелік орталығының өкілдері, кафедра меңгерушілері мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары қатысты. 

Қатысушылар алдында даму стратегиясы, тәрбие және әлеуеттік жұмыс жөніндегі проректор, саяси ғылымдарының кандидаты Арман Ақышев сөз алды. 

Арман Ақышев өз сөзінде студенттік спорт дене шынықтырудың маңызды құрамдасы ғана емес, кәсіби спорттың да маңызды бөлігі екенін тілге тиек етті. 

Дөңгелек үстел басына жиналған спорт ардагерлері мен жетекші сарапшылар студенттік спорттың даму перспективалары, сонымен қатар, кәсіби спортшыларды жоғары оқу орны жағдайында даярлау, оқу үрдісін оңтайлы ұйымдастыру мәселелеріне қатысты ойларымен бөлісті. Бұл диалог отандық студенттік спортты дамыту бойыша жаңашыл идеялар мен мәселелерді шешу жолдарын айқындауға сеп болды. Шара шеңберінде саладағы атқарылған істер, жастар спорт қозғалысының дамуы туралы қорытынды жасалып, болашаққа бағдарланған жобаларды талқылауға мүмкіндік берілді.