Павлодар облысындағы румын және молдаван этномәдени бірлестігінің өкілдері С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік студенттері пен оқытушыларын қос халықтың мәдениетімен таныстырды.

Университет жанындағы «Бірлік» студенттік Ассамблеясы мен Павлодар облыстық ҚХА өкілдерінің бірлескен шарасы Қазақстан халқы Ассамблеясы күні шеңберінде өтті. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мәдени кештің мақсаты - көпұлтты Қазақтанда халықтар достастығын нығайту. 

«Буковина» этномәдени бірлестігінің белсенділері шығармашылық концерт ұйымдастырып, өлеңдерінен тарту жасады. 

Шараға жиналғандардың назарына ұлттық киім-кешектер көрмесі ұйымдастырылды. Ал Павлодар қаласының ұлттық әдебиет кітапханасының мамандары румын және молдав тілдеріндегі әдебиетке шолу жасады. 

Кездесу нәтижесі бойынша «Жеңіс маршруты. Ұрпақтар естелігі» жобасы аясында өткізілетін шаралар мен шығармашылық байланыс орнату бойынша жоспарлар белгіленді.