С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері жаңару мен гүлденудің символы атанған көктемгі мереке – Масленицаны кеңінен тойлады.

Бас оқу корпусының фойесінде дәстүрлі мерекелік дастархан жайылып, студенттер ойын-сауық құрды. Музыкалық қойылымдар мен мерекелік ойындарға студенттер мен оқытушылар қауымы қатысты. Шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, келген қонақтарды қызықты байқаулар мен ойындарға шақырды. 

Бұл күні металлургия машина жасау және көлік факультеті деканының орынбасары Руслан Сапиновтың орындауындағы  ән меймандарды тәнті етіп, би билеуге шақырды. 

Шара шеңберінде университет қонақтары орыс ұлттық тағамдарынан және мерекенің сәнін келтірген құймақтан дәм татты.