С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасы базасында ашылған тарихи персоналдарды зерттеу клубы өз жұмысын бастады.

Бұл клубтың басты мақсаты – жас ұрпақтың дүниетанымдық және азаматтық тәрбиесін қалыптастыру. 

Жаңа клуб өзінің алғашқы жұмысын КОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы (1985-1991), КСРО Президенті Михаил Горвачевтің әлемдегі рөлін талқылаумен бастады. Іс-шара 11 егемен мемлекет басшыларының қол қою күніне арналды (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және т.б).

«Біздің міндетіміз тарихи фактілерді объективті талдау. Біз ұлттық тарихты дамытудың, оның отандық және әлемдік дамудың әсерін бейнелеуіміз керек» - дейді клуб жетекшісі Аслан Азербаев.

Қатысушылардың пікірлері әртүрлі болды, кейбіреулері М.С.Горвачевтің көзқарасын қолдаса, кейбіреулер құптамады. Горбачев Одақтың құлдырауына және Батыстың әлемдік саясатта үстемдік етуіне үлес қосты. Ол «советтік өркениеттің» дағдарысқа ұшырауына және жойылуна да әсер етті.