«Үздік ғылыми мақала-2017» халықаралық ХІІІ ғылыми-практикалық конкурс Ресейдің Пенза қаласында өткен болатын. Аталмыш сайысқа С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің зоотехнология, генетика және селекция кафедрасының студенті Әлия Тоқтасынова қатысып, «Ауыл шаруашылығы ғылымы» бағытында бірінші орын иеленді. Ғылыми жетекшісі ауыл шаруашылығы ғылымдары кандидаты, доцент Төлеген Асанбаев.

Әлияның сөзінше,  ол халықаралық конкурсқа қатысу үшін бұрын-соңды көп зерттелмеген «Жаңа алтай асыл тұқымды жылқылардың репродуктивті қасиеттері» тақырыбын таңдаған. 

«Горно Алтай өңірінен Новоалтай тұқымды айғырлар аймаққа әкелініп, осы өңірдің табиғатына бейімдеу мақсатында бағылуда. Новоалтай тұқымды жылқылар ыстыққа көп шыдас бермейді, есесіне олар суықта өздерін жақсы сезінеді. Сондықтан болса керек, олар қыста көп салмақ тастамайды. Жалпы, қазақ жылқысы мен Новоалтай тұқымыды жылқы бір-біріне ұқсайды, - дейді Әлия.

Алия Тоқтасынова ат спорты түрімен 11 жасынан бері айналысуда. Енді ол ғылыми тұрғыда зерттеу жүргізуде. Әлия бүгінде Құлагер ипподромында дайындалады. Өңірде ұйымдастырылатын спорттық шаралардың барлығына белсенді қатысуда.