Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өкілдері Павлодар облысының этномәдени бірлестіктеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай сабағын өткізді.

Лекция «ҚХА Нұрсұлтан Назарбаевтың туған баласы» деген тақырыпта интерактивті формат түрінде өтті. 

Спикерлердің құрамына қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, ғалымдар мен ұлттық жаңғыру мектебінің өкілдері кірді.

«Бірлік» студенттер ассамблеясының төрағасы Рамиль Смайылов құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан этносаралық және қоғамдық келісімнің сәтті үлгісін құрғанын ерекше атап өтті. 

«Көп этностыққа қарамастан, өскелең ұрпаққа отансүйгіштікке бірге тәрбиелеудеміз. Қазақтар, орыс, татарл, украин, грек немесе кәріс – барлығымыз бір халықпыз. Бір шаңарық астында тату-тәтті өмір кешудеміз» - деді Р. Смаилов.

«Эльпида» грек этномәдени бірлестігінің төрағасы Людмила Ифандопуло Қазақстан халқы Ассамблеясын саяси институт ретінде қалыптастыруда ел Президентінің рөлі туралы толығырақ айтып берді.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХА-ның қызметіне, оның қалыптасуына қосқан үлесі ұшан теңіз. Елбасымыздың салиқалы саяси шешімдерінің арқасында Қазақстанды бүкіл әлем танып отыр», - деді ол.