Павлодар мемлекеттік университетінде КСРО Халық сәулетшісі, ПМУ-дың құрметті профессоры Қалдыбай Монтахаевты (1950-2008) еске алу кеші өтті.

Іс-шараға өңірдегі ғылым және қоғам қайраткерлері, ғалымның туыстары мен достары жиналды. Қалдыбай Жұмағалиұлының жұмысы көпке танымалы. Оның шығармашылық идеялары Қазақстандағы сәулет ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Сәулетшінің қолынан шыққан дүниелер бүгінде қаланың көркін кіргізуде. 

Еске салайық, Қалдыбай Жұмағалиұлы Астананың архитектуралық құрылысына қатысты. Ол ҚР Президентінің бұрынғы Резиденциясы, ҚР ҰҚК ғимаратының, Салам шағын ауданының, Сыртқы істер министрлігінің, Конгресс Холлдың, Есіл өзені жағалауларын қалпына келтіру құрылысының авторы. 

Өткен жылы Павлодар мемлекеттік университетінің қабырғасында ғалымның атында аудитория және музей экспозициясы ашылды.

Сонымен қатар, еске алу кешіне облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Қақамбетов, белгілі өлкетанушы, Павлодар қаласының құрметті азаматы Эрнест Соколкин, Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі, еңбек ардагері Д.Б.Мұстафин қатысты.