Павлодар мемлекеттік университетінде биыл дәстүрлі тоғызынша Торайғыров оқуы өтті. Халықаралық конференция «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Т.ғ.к, оқу орын ректорының міндетін атқарушы Петр Быков өзінің сөзінде біздің міндетіміз - ұлттық тарихи сананы нығайту деп атап өтті.

«Ел болашағы біздің қолымызда, бірақ өткенді ұмытуға болмайды. Сұлтанмахмұт Торайғыров - ол ағартушы ғалым, оның шғармашылық мұрасы ХХ ғасыр барсындағы қазақ әдебиетіне әлеуметтік-философиялық поэзияны алып келді, көрекмдігімен ерекшеленді» - деді Петр Олегович.

Сұлтанмахмұт Торайғыров өз халқының болашағы туралы кең толғанып, мәдениетін, ғылымын, технологиясын дамытуды бірінші орынға қойды. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісіне көп көңіл бөлу керек. Ал бүгінгі таңда оның осы сөздері жас ұрпақтың санасына сіңіп қалды.

Секциялық отырыстар 32 пікірталас алаңында жалғасты. Пленарлық мәжілісте профессор А.Тұрышев С.Торайғыровтың мәдени және рухани мұрасының тақырыбына кеңінен тоқталды. Конференцияның құрметті қонақтары арасында Загреб университетінің профессоры Младен Кузинич, Ресейдегі Алтай мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Тамара Степанская.