Жақында ПМУ-дың «Мұрагер» студенттік шығармашылық бірлестігі «Сонғы мүмкіндік» спектаклінің тұсаукесерін өткізді. Пьесаның авторы әрі қоюшы режиссері, «Мұрагер» шығармашылық бірлестігінің мүшесі Бәкіжан Кәкім.

Ол қойылымның қалай қалыптасқаны туралы әңгімеледі.

– Осы шығарманы сахналау үшін бар күш-жігерімізді жұмсадық. Қойылым сәтті шығу үшін кәсіби әртістерден актерлық шеберлік туралы сабақ алдық, олардың кеңесін тыңдадық, ұзақ уақыт дайындалдық. Нәтижесі жаман болған жоқ. Үйренгендерімізді өз көрермендерімізге толық жеткіздік деп ойлаймын, - дейді Бәкіжан Кәкім.

Ұйымдастырушылардың басты мақсаты - адамдарға осы дүниенің жалған екенін ойландыру және осы дүниедегі әрбір іс-әрекетің адамың соңғы мүмкіндігі болуы мүмкін екенін еске салу.

- Біз көрермендерге әркімнің соңғы мүмкіндіктері бар екенін еске салғымыз келді, - дейді ол.