С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінде осы университет жанындағы көп тілді білім беру орталығының қолдауымен ұйымдастырылған Павлодар облысының оқушылар арасында көп тілд олимпиада өтті.

ПМУ-дің тәрбиелік және әлеуметтік жұмысының даму стратегиясы бойынша проректоры, саясаттану ғылымдарының докторы Арман Ақы шев қатысушылардың алдында сөз сөйледі. Ол өзінің сөзінде олимпиада анағұрлым жоғары деңгейде өткенін және дарынды балалардың басын біріктіргенін атап өтті. 

«Сіздер білімнің жаңа белестерін бағындырып, өмірде де болашақ мамандық иесі ретінде де керемет нәтижеге қол жеткзу үшін ерінбей еңбек ету керексіздер. Сонда ғана к өп тілділік ойды ілгері жылжытудың жарқын бейнесі боласыңдар. Дәл осындай балаларды ПМУ студенттерінің қатарында көргіміз келеді» деді ол. 

Зияткерлік бәсекенің басты мақсаты - тілдерді оқу бастамаларын қолдап, көп тілдік білім беруді дәріптеу болып табылады. 

Сайсқа облысымыздың 9-11 сынып оқушылары қатысты. 

Балалар өздерінің қазақ, орыс, ағылшын, француз және неміс тілдеріндегі білімдерін көрсетті. 

Олимпиада екі кезеңде өткізілді: эссе жазу және белгілі бір тақырыпқа көпшілік алдында сөз сөйлеу. 

Әділқазы алқасы мүшесі ретінде С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің тіл кафедрасының сарапшылары, тілтанушы жетекші ұстаздар мен қала мектептерінің әдіскерелрі қатысты.

Аймақтық деңгейдегі жеңіс қатысушылар үшін олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама берілді.