С.Торайғыров атындағы ПМУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға ғалымдардан, мемлекеттік қызметкерлерден және студенттерден құралған 200 адам қатысты.

Қала әкімінің орынбасары Саян Мұқанов туған өлкенің тарихи орындарын зерттеуге бағытталған «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасы туралы сөз қозғады. Новосібір мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, анатомия, физиология және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі Роман Айзман қатысушыларға білім берудің болашағы туралы баяндамасын ұсынды.

Тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Лаура Жүсіпова болашақ ұрпақтың «санасын жаңғыртуда» ұлы ойшыл, тарихшы және ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің рөлі туралы сөз сөйледі. Талқылаулар бес секция бойынша жалғасты.

Конференция соңында Павлодар облысының тарихы туралы төрт томдық оқулық жазу үшін сарапшылар мен ғалымдардың пулын қалыптастыру бойынша ұсынымдар қабылданды.

Айта кетейік, Павлодар мемлекеттік университетінде «Рухани жарңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында келесі бағыттар іске асырылуда: Университеттің ғылыми орталықтары белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қола дәуірінің қасиетті географиясының нысандары туралы «Борлы» кешенінде археологиялық зерттеулер жүргізу. «Мәңгілік ел», «Павлодар Ертіс өңірінің тарихы мен тарихнамасы / Шежіре», «История региона в лицах», «Просветители Павлодарского Прииртышья» пәндер бойынша жаңа білім беру траекториясын енгізу.

Мысалы, «Ақпараттық жүйелер» магистратурасы мамандығы бойынша «Қазақстанның қасиетті кейіпкерлері» жобасы шеңберінде «Павлодар облысының қасиетті туризмін мобильді қолдануды дамыту» тақырыбы енгізілді.

Осы жұмыс қорытындысы бойынша iOS және Android үшін Павлодар облысының сауықтыру туризмінің онлайн-қосымшасы әзірленетін болады.