С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінне Тель-Авив университеті достық қауымдастығының вице-президенті Сания Арапова және ERG (Eurasian Resources Group) операциялық тиімділігі жөніндегі директоры Сергей Опанасенко жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында қонақтар университеттің зертханалық базасына экскурсия жасады. Университеттің ғалымдары өздерінің энергетика, ІТ технологиялар және экология салаларындағы жетістіктерін ұсынды. 

Атап айтқанда, облысымызда отын түрлерін алудың жаңа технологиялары саласындағы жобалар, жылу электр станцияларын тазарту жүйелері, шламдарды өңдеу.

IT-технологиялар саласында өндірістік процестерді басқару, мониторинг жүйесін және технологияның жай-күйіне мониторинг жүргізу  мәселелері де ұсынылды.

Қонақтар Ермағанбет Әбдірахмановтың «Облыста көмірді және көмірхимиялық байыту саласындағы инновациялық зерттеулер» жобасына үлкен қызығушылық білдірді. Кездесу барысында инвестициялар туралы алдын-ала келісімдерге қол жеткізілді.