Павлодар мемлекеттік университеті колледжі барлық кәсіптік білім алушылар үшін өз есігін айқара ашты. Колледж директоры Серік Жартыбаев өз сөзінде бірінші курсқа қабылданған студенттерді және барша оқытушылар құрамын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Ол сонымен қатар, колледж студенттері ағылшын тілін тереңдете оқитынын, Павлодардағы және Еуропадағы ең үздік кәсіпорындарда өндірістік практикадан өтетінін атап өтті. «Бүгін біз үшін ерекше күн. Бес жылдық тоқыраудан кейін үлкен жетістіктерге жету жолында колледж жұмысын қайта жаңартамыз. Оқу жылының басталуы – жарқын және естен кетпес мереке. Бұл батыл эксперименттердің, жаңалықтар мен жетістіктердің басталуы», - деді Серік Тілеуханұлы.

Қазір колледж басшылығы Финландия (Юваскульск университеті),  Германия (DEULA-Niеngburg), Түркия елдерінің білім беру мекемелерімен бұдан ары ынтымақтастық жөнінде келіссөз жүргізуде.