Өткен сенбіде Павлодар мемлекеттік университетінде «Металлургия» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер, сонымен қатар жоғары оқу орнының серіктес кәсіпорны "KSP Steel" ЖШС жұмысшылары Павлодар облысының көрікті жерлерінде болды.

Ростислав Проценко, Асан Сагандыков, Максим Моисеев, Ренат Бегалиев, Рустем Бегалиев, Никита Козлов, Ренат Негманов, Виктория Репникова, Александр Рахманенко, Тлек Даиров сынды мамандар мен студенттер екі күннің ішінде Ямышева ауылынан Павлодар қаласына дейін жүзіп жетті.

Бұрын соңды мұндай жүзумен айналыспаған топ өз мақсаттарын сәтті аяқтады.Ертісте жүзу кезінде қауіпті қазандар, жасырын шұңқырлар, жағалауда күрт бұрылатын жерлер көптеп кездеседі. Қатысушылардың пікірінше, бұлар су жорықтарына жаңадан келген. Болашақта әлі де жетілдіруді, дамытуда жоспарлап отыр.

«Бұл жүзу есімізде көп уақыт сақталады деп ойлаймын. Ауарайының қолайсыздығынан жақсы демалыс болды дееп айта алмаймыг. Себебі, ыстық күн бірден өткінші жаңбырға айналды. Жалпы, көптеген қызықты сәттерді бастан өткіздік» дейді Асан Сагандыков.