С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің мәжіліс залында түлектерге диплом табыстау салтанатты рәсімі болып өтті. Бакалаврлар мен магистранттарға дипломдарды Павлодар мемлекеттік университетінің факультет декандары табыстады.

Факультет декандары жас мамандарға өздері таңдаған жолдан жаңылмай жүруге кеңес берді. Кафедра меңгерушілері өз түлектерін өмірлеріндегі маңызды кезеңмен құттықтап, олардың мемлекеттік емтихандар мен диплом қорғауда жақсы нәтиже көрсеткендерін атап өтті.

Өз кезегінде түлектер де төрт жыл бойы білім берген университет ұжымына және ұстаздарына білімге деген құштарлығын кеңейтіп, мамандық меңгеріп шығуына қолдан келген аянбай еңбек еткендері үшін алғыстарын білдірді.

Биыл С.Торайғыров атындағы ПМУ-дан 2 мыңнан астам түлек диплом алып шығады.