С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті осымен жетінші мәрте Қазақстанның үздік көпбейінді ЖОО бас рейтингісінде көшбасшылығын нығайтты.

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тəуелсіз қазақстандық агенттігінің (БСҚА) сараптамасы бойынша университет Қазақстан жоғары білім беру жүйесіндегі жоғары деңгейін сақтап, бесінші орыннан бой түзеді.

Рейтингте жоғары оқу орны білім беру әрі ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістемелері, халықаралық ынтымақтастығы, жұмыс берушілердің пікірлері және университет жұмысының басты көрсеткіштері болатын нақтырақ айтсақ, ЖОО-ғы оқыту және ғылыми зерттеулер жүргізу деңгейін анықтау бағыттары бағаланды.

Ұсынылған статистикалық көрсеткіштер болашақ студенттер, ғалымдар және ынтымақтастыққа қызығушылық танытқан құрылымдар үшін бағдар бола алады.