Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 22 маусым күнгі № 943 бұйрығына сәйкес С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Филология», «Көлік, көліктік техника және технология» мамандықтары бойынша докторантура ашылды.

Сондай-ақ, университетке ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау мақсатында «Құқықтану» мамандығы бойынша магистратураға лицензия берілді.

Осылайша, бүгнгі күні жоғары оқу орнында алты доктораунтаралық, қырық сегіз магистратуралық мамандықтар бойынша мамандар дайындайды.

Филология мен көліктік техника және технология мамандықтары бойынша докторантураның ашылуы – бұл бірінші кезекте С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми мектебінің көп жылғы еңбегінің жемісі. Атаулы мамандықтардың профессор-оқытушылар құрамы өкілдері – диссертациялық кеңестердің әрі сарапшылар тобының мүшелері, ҚР БҒМ гранттары мен мемлекеттік мақсатты бағдарламалардың зерттеушілері, магистранттардың ғылыми жетекшілері.

«Құқықтану» мамандығы бойынша магистратура ІІБ мекемелерінің қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқарушылық құқық, криминология, криминалистика және жедел іздестіру жұмыстары салаларының ғылыми-педагогикалық мамандарын даярлайды.