Жуырда С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Туристік индустрия дамуының заманауи мәселелері (экологиялық қыры)» атты жастардың IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы өтті. 

Іс-шараны Алтай мемлекеттік университеті мен С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің география және туризм кафедрасы бірлесіп ұйымдастырды. 

Конференция жұмысына Барнаул, Калининград, Томбы, Пермь, Ростов-на-Дону қалаларының сарапшылары мен студенттері қатысты. 

Ресейлік ғалымдар Г-302 тобының студенті Әлия Тукуеваның жұмысына қызығушылық танытты. Әлия баяндамасына «KazGeoTour» мобильді қосымшасын жасау мәселелерін арқау етті. Конфернция нәтижесі бойынша кафедра оқытушылары РҒСИ жинағына (РИНЦ) 10 ғылыми мақала жариялауды жоспарға қойды.