С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Павлодар облысы прокурорының орынбасары, әділеттің аға кеңесшісі Қуат Артықбаев студенттермен кездесті.

Шараға мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің және «Серпін» бағдарламасымен білім алып жүрген студенттер қатысты.

С. Торайғыров атындағы ПМУ ректорының м.а. ректоры, ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры Нұрлан Ержановтың айтуынша, мұндай шаралар өз кезегінде студенттердің ой-өрісін кеңейтеді, біліктілігін арттырады, ал бастысы, тәжірибелі заңгерлер мен теоретик заңгерлер арасында кәсіби байланыс орнатады.

Кездесу барысында Қуат Ғабдулжапарұлы Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында дәріс оқыды.  

Бұдан өзге, студенттер дәріскерге Қазақстан Республикасының заңнамаларына қатысты сауалдарын қойды, ой-пікірлерімен алмасты. 

Сонымен бірге, прокурордың орынбасары тыңдаушыларға прокураттура жұмысының құрылымы туралы әңгімелеп берді, пркуратуралық қызметтің тұрғындар үшін ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру бағытында іс-шаралар жүзеге асып жатқанын да жеткізді.