С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне Павлодар облысының прокуроры, үшінші деңгейлі мемлекеттік әділет кеңесшісі Серік Қараманов қонақ болды.

Серік Қараманов Павлодар мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне дәріс оқу барысында прокуратуралық қызмет пен мамандардың біліктілігі турасында сөз қозғады. Ол прокуратура қызметкерлерінің жүргізетін істері әр саланы қамтитын болғандықтан, олар кәсіби білікпен қатар энциклопедиялық білімді игеруі қажет екенін де ескерді. 

Сондай-ақ, Серік Садуақасұлы өзі тергеген атышулы істер жөнінде де әңгімелеп берді. 

Дәрістен кейін болашақ заңгерлер өздерін мазалаған сауалдарына тұщымды жауаптарын алды. 

Қонақ университеттің коворкинг орталығында болып, жас стартапшылардың табысты жобаларымен танысты. 

Сонымен қатар, Серік Садуақасұлы өз сөзінде жастармен кездесу тамаша көңіл-күй сыйлағанын айтып, келесі жылы университет студенттерімен қоғамдағы түйткілді мәселелер төңірегінде сөз қозғайтын басқосуда кездескісі келетінін де жасырмады.