Жуырда С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде импакт-факторлы журналдарға ғылыми мақалалар жариялау мәселелерін қозғаған семинар өтті.

Семинар жұмысын Clarivate Analytics (бөлім атауы - Thomson Reuters) компаниясының клиенттермен жұмыс жөніндегі маманы Ләзиза Мұқашева жүргізді. 

Тыңдаушылар журналдар мен бизнес-үлгілердегі жарияланымдардың тәртібі туралы құнды ақпарат алды. Дәріскер Қазақстан жарияланымдарының орташа дәйексөздігі мен қалыптасқан дәйексөздігі бойынша Орталық Азия мемлекеттері тұрғысынан келтірілген мәліметтерін ұсынды. 

Маман мақаланың жариялануы үшін қандай журналды таңдау қажеттігін, сайттағы авторларға арналған жетекшілікті қалай қолдану керектігін және EndNote құралының көмегімен мақалаларды рәсімдеудің қағидаларын, ғылыми мақалаларға қойылатын техникалық және мазмұндық талаптар, мақаланың жариялану мүмкіндіктерін арттыру турасында егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. 

Ләзиза Мұқашеваның айтуынша, EndNote құралының көмегімен библиографиялық жазбаларды іздеуге, қосуға болады, талап етілген стандарт бойынша библиографиялық тізімді рәсімдеуге, библиографиялық жазбаларды ұйымдастырып, сақтауға және жарияланым үшін халықаралық журналдарды іріктеп алуға болады.