Demo Day шеңберінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің стартапшылары бизнес-жобаларын инвесторлардың назарына ұсынды.

Бизнес күндері жобаларына инвестиция салу арқылы жас кәсіпкерлер бастаған ісін дөңгелетіп, табысын еселеу мүмкіндігіне ие болады. Мұндай шара С. Торайғыров атындағы ПМУ-інде әр үш ай сайын өтеді. 

Жобалар супермаркетінің нәтижесі бойынша әсіресе, Әнел Ахметованың «Тұрақтандырылған гүлдер» стартабы инвесторлардың қызуғышылығын тудырды. 

Аталмыш жоба флористика саласындағы белгілі тренд болып табылады. Тұрақтандырылған гүлдер – өсімдіктің ұзақ уақытқа сақталуын қамтамасыз ететін арнайы технологиямен өңделген қарапайым тірі гүлдер.  

Бұдан өзге, Әлфараби Ұзақтың «KazAgroTrade» жобасына жартылай қаржы салынды. Бұл жоба – Қазақстанның ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін біріктіретін электрондық кооперация платформасы.  

Дәл осындай талаппен Диас Ануарбековтың «FastEngine» жобасы қаржыланды. Оның жобасы веб-сайттар, таныстырылым (визитка) сайттары, ғаламтор дүкендері, сонымен қатар, мобильді қосымшаларға арналған веб-интерфейстерді жасауға бағытталған. 

Ескере кету керек, қабылданған жобаларға салынған инвестиция көлемі 3,4 млн. теңгені құрады.