С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне Қазақстандағы Франция Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Гийом Касперски мырза жұмыс сапарымен келді.

Қонақ С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, с.ғ.д., профессор Арын Өрсариевпен кездесті. Содан кейін, құрметті мейман университеттің жетістіктерімен танысып шықты. 

Гийом Касперски коворкинг орталық пен стартап-академияның жұмысына қанық болып, жас стартапшылардың іс жүзіндегі жобаларымен қызыға танысты.

Сонымен бірге, қонақ Павлодар мемлекеттік университетінің француз тілін меңгеріп жүрген студенттері мен оқытушыларымен кездесті. Әсіресе, жиылғандар кездесуде академиялық ұтқырлық және «Болашақ», «Эразмус+» бағдарламалары аясындағы ынтымақтастық бойынша білім алу мүмкіндіктері туралы қарастырды.  

Г. Касперски мырза өз сөзінде Францияның университеттері мен білім алу бағдарламалары туралы ақпарат берді. 

Бұдан өзге, мейман  ЭКСПО-2017 көрмесіне волонтерлерді дайындау орталығының еріктілерімен жүздесіп, халықаралық көрмелердің тарихынан сыр шертті.