С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде магистранттар мен докторанттарға арналған ғылыми зерттеу әдістемелері мен әдіснамалары мәселелері бойынша семинар өтті.

Семинардың мақсаты – магистранттардың ғылыми зерттеу әдіснамасы бойынша білімін жүйелеу, диссертациялық жұмыс құрылымының негізгі көрінісін қалыптастыру және эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жоспарлау.

Семинар жұмысы магистратура мен докторантураның техникалық және гуманитарлық бағыттары бойынша өрбіді. 

Спикерлер қатарында техн.ғ.к., қауымд. профессор Алексей Богомолов сондай-ақ, «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.к., қауымд. профессор Майра Қожамжарова болды. 

Б.ғ.к., қауымд. профессор Айнагүл Қалиева жаратылыстану ғылымының мамандықтары бойынша зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемелері турасында егжей-тегжейлі баяндап берді. 

Э.ғ.к., қауымд. профессор Алексей Титков  StartUp-магистратурада білім алушылардың магистерлік жұмыстарының әдіснамасын жіті түсіндіріп, кәсіптік магистратура, оқыту арқылы бизнес-жобалардың акселерациясын құру туралы келелі кеңес берді.