Жуырда Маңғыстуда алғаш өткен республикалық Әбіш Кекілбаев оқулары Қазақстанның түкпір-түкпірінен мәнерлеп оқудың шеберлерінің басын қосты. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері атындағы додада С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Бәкіжан Кәкім жеңімпаз атанды. Бәкіжан байқаудың екі кезеңінде Әбіш Кекілбаевтың «Арғымақ» және «Шыңырау» атты еңбектерін оқып, қарсыластарынан оза шапты.

Бұл жеңіс Бәкіжанның алғашқы жетістігі емес, ол былтыр қалалық көркем оқу байқауынан бірінші орынымен, республикалық «Анаға рахмет» шығармалар байқауындағы жеңісімен және Оралхан Бөкей оқуларының дипломаты атағымен қанжығасын майлаған болатын. 

Маңғыстаудан Бәкіжан марапатымен қоса 150 000 теңге көлеміндегі қаражаттық сыйлығымен туған жеріне жеңіспен оралды.