Жуырда Павлодар мемлекеттік университетінің ең ірі жастар бірлестіктерінің бірі өз туған күнін тойлады.

«Жастар ісі жөніндегі комитет – бұл студенттердің мүмкіндіктеріне арналған жәрмеңке: өзінің қабілет-қарымын дамыту, тәжірибелік білім жинау. Егер идеясы бар, және қызықты жобаларды жүзеге асыру үшін ынталы да көңілді жастармен жұмыс істегісі келген әркім КДМ мүшесі бола алады», – деді бірлестіктің төрайымы Ақбота Сарыбай.

Жалынды жастар студенттік өзін-өзі басқару жүйесіне жаңаша көзқараспен біршама өзгерістер енгізіп, жаңашылдыққа қадам басты.

Бұл күні С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Арын Өрсариев жастардың бастамаларына сәттілік тілеп, құттықтау лебізін жеткізді.

Мерекенің құрметті қонағы «Rakurs Consulting Group» басқарушы серіктесі Досым Қыдырбаев болды. «Мен мұнда көп жаңашыл дүниелерге куә болдым. Мұндағы жастардың өмірден өз орнын табуына, ал аға буынның тәукелшіл идеялар мен рухты сіңіруіне сеп болатын қарым-қатынастағы серіктестік пен теңдіктің демократиялық рухына риза болдым. Бостандық біздің ішімізде. Егер біз бір нәрсе айтқымыз келсе, өз ойымызды білдірудің амалын табамыз. Сондықтан, бұл үшін сіздердің орта таптырмас алаң болатыны сөзсіз», – деді Досым Хамитұлы.