С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Ректор кубогы үшін мини футболдан турнир өтті.

ПМУ-інің ашық футбол алаңдарында өткен кезекті турниріне 8 команда қатысты. Кубок үшін университет оқытушылары мен құрылымдық бөлімдердің қызметкерлері сайысқа түсті.

Тартысты сайыстың нәтижесінде гуманитарлық-педагогикалық факультетінің өкілдері 2016 жылдың чемпионы атанды. Команда ойын барысында әдемі комбинациялар мен епті тәсілдер көрсетті. Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің командасы күміс жүлдегер атанды. Ал үшінші орынды университеттің әкімшілік-шаруашылық бөлімі мен тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер департаментінің футболшылары иеленді.

«Сұңқар» спорт клубының төрағасы Жаудат Аблеев биылғы турнир барысы туралы баяндап берді: «Жыл сайын біз көптеген қызықты спорттық шараларды өткізіп келеміз. Солардың кейбірі жылда дәстүрлі түрде өтеді. Бұл сайыстарды өткізудің басты мұраты – қызметкер денсаулығының мықты болуы, салауатты өмір салтын насихаттау және жұмыс қабілеттерін арттыру. Турнир барысында қатысушылар өз күштері мен төзімділіктерін сынап қана қоймай, достық қарым-қатынас орната алды».

Жеңімпаздарды естелік грамоталар мен медальдермен марапаттады.