Enactus командасы университеттің фойесінде «Garage Sale» (аулада жаппай сату) шарасын өткізді.

Бұл күні жастар кітаптар, бижутериялар, канцелярлық тауарлар, ыдыс-аяқ, сонымен қатар, басқа да пайдаға асатын ұсақ-түйектерді төмен бағамен сатылымға шығарды. Олар сатылымнан түскен қаражатқа әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Ал қонақтардың көңілінен шыққан «Food Fair» қайырымдылық жәрмеңкесінің аспаздық өнімдері көп сұранысқа ие болып жатты.