«Жасыл экономика үлгісіне өту үшін Қазақстанды қолдау» атты ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ ЕЭК бірлескен гранттық бағдарламасының шеңберінде ауылдық жерлерде суды үнемдейтін технологияларды енгізуге бағытталған «Жасыл» жобалар жастар республикалық байқауы өтті.

Сайыс Қазақстан Республикасының жастарына ауыл аймақтарында суды үнемдейтін  жобаларды іске асыруға мүмкіндік беруді мақсат етті.  

Байқау комиссиясы өтініш берген 90 жобаның ішінен 27-сін іріктеп алды.  

Финалға өткендердің қатарында С. Торайғыров атындағы ПМУ энергетикалық факультетінің студенті Алия Бояндинова да бар. Алия ауылды жерлерде көлік жуу орнын ұйымдастыру идеясын жүзеге асыру үшін 100 мың теңгеге ие болды.