С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері Республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері атанды.

Киім дизайні және сценография саласында Зарина Сыдықова, Жамал Қалиева, Аида Түлкібаева, Әнел Абдрахманова өз идеяларын ұсынды. 

Олимпиаданың екі кезеңінде қыздар эскиздер салып, киім үлгілерін пішіп, тікті. Сарапшылар студенттердің дизайнерлік ойларының жаңалығы мен ерекшелігіне, орындау кезіндегі сапа мен тиянақтылыққа, композициялық және түсті таңдау кезіндегі сауаттылыққа мән берді.  

Аида Түлкібаеваның шығармашылық жұмысы екінші орынға лайық деп танылды. Ал Зарина Сыдықова мен Жамал Қалиева ерекше образды жасағаны үшін «Креативтілік» және «Белсенділік» номинацияларында үздік атанды. Қазылар алқасы Әнел Абдрахманованың киім үлгісінің ерекшелігін жоғары бағалады. 

Команданың жетекшісі, Қзақстан суретшілер одағының мүшесі Майса Ықласова алғыс хатпен марапатталды. 

«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша Бағдаткүл Кенженова тамаша нәтижеге қол жеткізіп, жеке есепте екінші орынға ие болды. 

Ал «Әлеуметтік жұмыс» бағытында п.ғ.д., профессор Е. Жұматаеваның жетекшілігімен Алия Садуақасова, Жанна Балташева, Елена Вайгандт үшінші орынды еншіледі. 

Сондай-ақ, ф.ғ.к., профессор Б. Қадырованың жетекшілгімен С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері Қасымхан Мұхитов, Ақмарал Елшін, Алтынай Сарсекеева күміс жүлдегер атанды.