С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2016 жылдан бері барлық мамандықтар үшін «Информатика» пәні ағылшын тілінде оқытылу енгізілуде.

Бұл қадам студенттерге есептеу техникасы және ақпараттық технологиялардың даму үрдістерін әлемдік білім негізінде зерттеуге және кәсіби міндеттерді шешуге ықпал етеді, сондай-ақ, зманауи құрылғылар мен аспаптардың кәсіби қолдану қабілетін ұштайды. 

ПМУ-да ІТ технологияларды дамытуға зор көңіл бөлінуде. 2015 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Арын Өрсариевтің бастамасымен «Информатика» пәнін оқыту шеңберінде Android және iOS үшін мобильдік қосымша құруға қадамдар жасалған болатын. 

Осыған орай, С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері мобильдік қосымшаларды жобалау және оларды ғаламторда таратуды үйреніп, бұл  қабілеттерін шыңдауда. 

«Информатика» пәнін ағылшын тілінде оқытуды енгізу әсіресе, 2012 жылдан бері университеттің Еуропалық одақтың Испания, Швеция, Германия және Португалияның жоғары оқу орындарымен бірлескен Tempus жобасын іске асырғаннан басталып кетті. 

«Информатика» пәнін ағылшын тілінде оқыту студенттеріміздің идеяларының халықаралық деңгейге шығуына зор мүмкіндік болатыны анық.