С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Арын Өрсариев пен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсұт Өтешов өзара түсіністік меморандумына қол қойды.

Келісім негізінде С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері мемлекеттік қызметкер мектебінде білім алып, мемлекеттік қызмет туралы заңдар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативті-құқықтық актілерін меңгеріп шығады.

Құжат бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жасау, ғылыми кеңес беру, білім алушылардың тағылымдамасы, қосарлы білім беру және мақсатты оқу бағдарламалары іске асады. 

Сондай-ақ, құжат ғылыми басылымдар, бірлескен монографиялар, оқулықтардың жарыққа шығуын, бірлескен конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, онлайн режимдегі кездесулерді жүзеге асыруды қамтиды.

Өз сөзінде Мақсұт Өтешов мемлекеттік қызметтің қалыптасу тарихын, еңбек ақсы жүйесін, мемлекеттік қызметкердің негізгі қазметтері турасында егжей-тегжейлі баяндап берді. 

Кездесуде студенттер қонақтан мазалаған сауалдарына толыққанды жауаптары мен кәсіби кеңес алды.  

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Арын Өрсариевтің мәлімдеуінше, мемлекеттік қызметкер мектебінде білім алған студенттер мемлекеттік қызмет саласының қыр-сырын біліп қана қоймай, өз ісіне сенімді білікті маман болып шығады. 

– С. Торайғыров атындағы ПМУ-да ашылған «Мемлекеттік қызметкер мектебі» болашақ мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби тәжірибе жинауына зор мүмкіндік береді. ПМУ түлегі кәсіби білікті маман ретінде еліміздің көркеюіне табысты еңбек ететініне сенімдімін, – деді университет басшысы.