С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті және «EDTECH» халықаралық білім орталығы біріккен білім беру жобаларын іске асыру мақсатында өзара тиімді серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

Құжат негізінде «Foundation» факультетінің оқу үрдісіне «EDTECH» халықаралық білім орталығының «Талапкерлерді жоғары оқу орны алдында дайындаудың жаңа әдістері» технологиясын тиімді енгізу оқу-әдістемелік жұмысы аясында біріккен жобаларды жасауды, оқытушылардың біліктілігін арттыруды, психологиялық-педагогикалық тренингтер өткізуді, өзара әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуді жүзеге асырады.

Сонымен қатар, С. Торайғыров атындағы ПМУ «Foundation» факультетінің қызметкерлері, оқытушылары және тыңдаушыларына «EDTECH» халықаралық білім орталығының «Талапкерлерді жоғары оқу орны алдында дайындаудың жаңа әдістері» технологиясын тиімді енгізу бойынша семинар өтті.  

Семинар барысында «EDTECH» халықаралық білім орталығының жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің басшысы Гүлзат Телғазиева «Foundation» факультетінің қызметкерлері үшін жоғары оқу орнына дейінгі дайындықтың оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктерін және оқытушылар үшін талапкерлерді жоғары оқу орны алдында дайындаудың жаңа әдістері мен тәсілдері туралы мағлұмат берді. Мұнымен қоса, факультет тыңдаушыларына психологиялық қолдау кешенді бағдарламасына арқау болған психологиялық тренинг жүргізді.

Сонымен бірге, «EDTECH» ХБО ЖОО жұмыс бөлімінің басшысы Сабина Османова және «Foundation» факультетінің әдіскерлері «SAR қатысушыларының білім деңгейін өзіндік диагностика жүйесі», «SAR тестілеу нәтижесін талдау жүйесі» тақырыбында презентациялық әңгіме-сұхбат жүргізді. 

 «Foundation» факультетінің деканы, п.ғ.к., С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры Сәуле Ксембаеваның айтуынша, «EDTECH» орталығының бағдарламасы бойынша болашақ талапкерлердің жеке тұлғалық және психологиялық ерекшіліктерін ескере отырып даярлау көзделген. 

– Павлодар мемлекеттік университетінде пилотты түрде жүргізіліп отырған бұл оқу-әдістемелік технология болашақ студенттердің өз мамандықтарын дұрыс таңдауына көмектесуге негізделген. «EDTECH» орталығының бағдарламасы талапкерлер арасында кәсіби диагностика жүргізеді, олармен психолог мамандар сұхбаттасып, кәсіби тренингтер өткізуді қарастырған, – дейді Сәуле Камалдинқызы. 

Семинар соңында «Foundation» факультетінің қызметкерлері мен оқытушыларына «EDTECH» халықаралық білім орталығының сертификаттары табыс етілді.