С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жастар ісі комитетінің ұйымдастырумен өткен «ПМУ аруы – 2015» байқауы өз мәресіне жетті.

Байқаудың іріктеу турына 50-ден аса бойжеткен финалға қатысуға үміткер атанған болатын. Алайда, олардың қатарынан он бойжеткен ғана ақтық сынға жолдама алды. Жоғары оқу орнының көрікті де қылықты қыздары таныстыру, дефиле, интеллектуалдық және шығармашылық бөлімдерден тұратын байқауда бақтарын сынады. 

Дефиле бөлімінде сахнаға кешкі және қыз көркіне жарасымды көйлек киіп шыққан ПМУ арулары көрермендерді тамсандырды. Байқаудың шығармашылық бөлімінде арулар таланттарын ортаға салып, өнерден де алыс емес екендіктерін дәлелдеді. Байқауға қатысушылар түрлі музыкалық аспаптарда ойнап, әсем би биледі, ән шырқады және театрландырылған қойылымнан үзінділерді сахналады. Шығармашылық бөлімде арулар өздерін жан-жақты таланттарымен танылды.   

Байқау қорытындысы бойынша ұйымдастырушылардың «ЖІК аруы  –2015» арнайы номинациясына мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің студенті Ульяна Жевоченко ие болды. 

Екінші орынды физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Маржан Қайырбекова, ал бірінші орынды мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің студенті Кристина Комарова иеленді.  

«ПМУ аруы – 2015» байқауының бас жүлдесін машина жасау факультетінің студенті Аида Байтемірова жеңіп алды. 

Басты номинация жеңімпаздары «Павлодар аруы – 2016» конкурсына жолдама алды. Олар сүйікті оқу орнын зор мақтанышпен таныстырады деген ойдамыз.