С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Президент – Қазақстан Республикасы саяси тұрақтылығының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Илья Теренченко, университеттің оқытушылық-профессорлық құрамы, мемлекеттік басқару және бизнес және құқық факультетінің студенттері мен магистранттары қатысты.

Дөңгелек үстелде «Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі» тақырыбында т.ғ.к., профессор Эдуард  Янчук, «Ұлткөшбасшысының Қазақстан экономикасының үдемелі дамуындағы рөлі» тақырыбында с.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Мейрамгүл Алтыбасарова, «Презизент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанда этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі» тақырыбында с.ғ.к., профессор Ғани Елмұратов баяндама жасады.  

ПМУ ғалымдары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен егеменді елімізде кең ауқымды құқықтық, экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар табысты жүзеге асып, тәуелсіз Қазақстан тұрақты даму жолына түсіп, елдігіміз берік нығайды деген ой-пікірлерін ортаға салды.    

Баяндамаларды талқылаған дөңгелек үстелге қатысушылар қасиетті тәуелсіздігіміздің сындарлы жылдары ішінде Қазақстан халқы көреген көшбасшы, кемеңгер Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында үлкен жолдан өтіп, еліміз әлемдік аренада зор беделге ие болып, биік шыңдарды бағындырды, деді.