Павлодар облысының жоғары білім беру жүйесінде төрт жоғары оқу орны орта білім беретін мектептер, ТжКБ және қосымша білім беретін ұйымдармен бірлесіп еңбек етуде.

Жыл сайын өңіріміздің белсенді әрі бәсекеге қабілетті төрт мыңға жуық азаматттары жоғары мектепті тәмамдайды. Аймақтағы жоғары оқу орындар еңбек нарығындағы сұранысты қанағаттандырып, жұмыссыздықтың 5 пайздан өспеуіне ықпал етуде. Бұл – Қазақстан және Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен салыстырғанда жақсы көрсеткіш.

Осыған қарамастан, біз алдағы уақытта бірқатар қиындықтармен ұшырасатынымыз анық.

Біріншіден, орта білім беру еліміз бен өңіріміздің халықаралық дәрежесіне сай жылдам қарқынмен дамуы қажет. Жоғары оқу орындарының оқытушылары арасында жүргізген сауалнаманың нәтижесі бойынша, облыс педагогтары оқушыларын пәндік біліммен сапалы қамтамасыз етіп келеді. Осыған қарамастан кейбір мектеп түлектері қабілеттерін тәжірибе барысында қолдана алмай жатады.

Сөз жетегінде жоғары білім берудің кездесетін кейбір мәселелерін атап өтсем: Біріншіден, мектеп түлектері ақпартты іздеу, реферат және жоба дайындау бойынша өзіндік жұмыстарды жасауға икемсіз келеді. Бірінші курс студенттерінің шамамен 40 пайызы осы қабілеттерді игеру мақсатында қосымша сабақ алуына тура келеді.

Екіншіден, мектеп түлектерінің тілдік дайындығының әлсіздігі біздің көптілді оқыту топтарын құру мүмкіндіктерімізді шектеп жатады. Көп жағдайда студенттер шетел тілі бойынша үлгерімнің төменгі деңгейін көрсетеді (бағалары 60-80 балл, яғни, «3» немес әлсіз «4» дегенді білдіреді). Осы жағдайда олар шетелдік ғалымдардың дәрістерін тыңдай алмайтыны да белгілі. Жыл сайын 50-ге жуық студентер шетел тілі бойынша қарыздарын өтеу үшін жазғы ақылы семестрден білім алуады. Ал бірінші курс студенттерінің 10 пайызға жуығы ғана жоғары оқу орнындағы үш тілде және академиялық ұтқырлық бағдарламасымен шетелде білім алуға дайын болады. Дәл осындай кедергілер қазақ тілін игеру бойынша орыс тілді мектеп түлектері арасында да кездеседі.

Үшіншіден, ЖОО оқытушылары оқуға жаңа түскен студенттердің техникалық қабілеттерінің икемсіздігі мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша да мәселелерге жиі ұшырайды. Көптеген түлектер, әсіресе ауыл мектептерінен білім алғандар Excel кестесі мен Power Point форматында жұмыс жасауға икемсіз келеді. Биология пәндері бойынша жаңа оқуға түскен студенттердің шамамен 30 пайызы микроскоптармен, микроқұрылғылармен жұмыс істуді білмейді. Ал студенттердің химияны оқу барысында реактивпен жұмыс жасау, химиялық ыдыстардың атауын білмеу, т.с.с. тәжірибелік жұмыстарға қабілетсіз келетіні де рас.

Екінші қиындық еліміздің ықпалдастық үрдістер мен кең өріс жайып келе жатқан ашықтық жағдайында пайда болады. Облыс жоғары оқу орындары Қазақтанның басқа да өңірлері мен әлемнің жоғары білім ошақтарымен бәскелесуі тиіс. Аймақтағы төрт жоғары мектептердің үшеуі Қазақстанның барлық негізгі рейтингтері бойынша үздік ондық қатарында. Ал ТМД елдерінің ЖОО рейтингтері бойынша екі жүздікте, жаһандық Webometrics рейтингісіне сай біз төрт мыңдықта бой түзедік.

Осыған байланысты Павлодар өңірі өз жоғары білімінің сапасын арттыруы қажет. Көп жағдайда бұл біздің үшінші қиындықпен ұшырасуымызға себеп болады. Аймақ мектептерінің үздік түлектері Қазақстанның басқа аймақтарына, Еуразиялық экономикалық одақ және әлемнің жоғары оқу орындарында білім алуды көздейді. Және онда білім алғандардың бірен-сараңы ғана елге қайтып оралады. Егер есептесек, бір баланың 4 жылдық бала-бақшадағы, 11 жылдық мектептегі біліміне жылына 200 мың теңге жаратылады, онда әр талапкермен бірге өңір 15 мың доллар жоғалтатыны анық.

Төртінші қиындық облыстың экономикалық өсуінің бәсеңдеуімен байланысты. Осыған байланысты көптеген жұмыс орындардың босауына жол ашылу мүмкіндігі туады.

Біз білім берудің сапасын арттыру үшін не ұсына аламыз?

Бірінші қадам. Біз облысымздың орта білім беру мекемелерімен қарым-қатынасымызды тереңдете түскіміз келеді. Жыл сайын университет қабырғасында жас ғалымдарға арналған «Сәтбаев оқулары» ғылыми халықаралық конференциясы өткізіліп тұрады. Конференцияға Қазақстан мен шетелдік түрлі білім беру мекемелерінің ғалымдары, студенттері мен оқушылары қатысады. Аталмыш конфереция өсіп келе жатқан ұрпақ үшін тәрбиелік маңызы зор. Оы іс-шара оқушылардың білім берудің сан алуан салаларына қызығушылықтарын арттырып, ғылыми тәжірибелерін бөлісу арқылы жас ғалымдардың кәсіби өсуіне үлес қосады. Дәстүрлі «Сәтбаев оқуларына» біз биылғы оқу жылынан бастап ҰБТ және ТКТ-ға даярлайтын арнайы курстарды қосамыз. Сонымен қатар, университет қабырғасындағы Ғылыми технологиялық парк Назарбаев зияткерлік мектебі мен қазақ-түрік лицейімен бірлесіп робототехника бойынша жұмыс жасап жатыр. Және де Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологиялары ғылыми-практикалық орталығы қаладағы №10 мектеп-лицеймен табысты жұмыс жасап келеді. Ал дарынды балаларға арналған №3 гимназия басшысымен оларға шет тілдер кафедрасын бекіту жайлы келістік. Біз қосымша қажетті кафедралар мен орталықтарды басқа да білім беру мекемелеріне бекітуге дайынбыз.

Екінші қадам. Жоғары білім беру сапасын арттыру үшін биылғы оқу жылынан бастап елдер арасындағы байланыстарды дамыту және тереңдету үдерісін тереңдетіп, көшбасшылық, акмеология және кәсіпкерлік бойынша арнайы курстарды енгіземіз. Ол үшін біз АҚШ-тың университеттері Дьюк, Коламбия, Колорадо скул оф Майнз және еуропалық ЖОО-лар Люнд (Швеция), Брунел және Кэмбридж (Ұлыбритания), Ресей – Мәскеу болат және қорытпа институты, Губкин атындағы мұнай және газ институты, РФ Үкіметі маңындағы қаржы институттарымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат негізінде аталған жоғары оқу орындарынан оқытушыларды шақыру және қосдипломдық білім беруді ұйымдастыру жұмыстары іске асады.

Жаңа білім беру бағдарламаларын жасау және оны жүзеге асыру МБ ИИР-2 жобасы бойынша жұмыс жасап жатқан шетелдік серіктес ЖОО мен Павлодар облысының өнеркәсіптерін шақыру арқылы іске асырылады.

Lund University (Швеция), Universitat Politècnica de València (Испания) университтерімен бірлесе отырып магистратураның екі мамандығы аясында бес жаңа білім беру бағдарламалары әзірленді. Университет металлургия, мұнайхимия бағыттары бойынша екі зертхана ашуды жоспарлап отыр. «Металлургия» саласы үшін металлургия мен металлөндеудегі технологиялық үрдістерді компьютерлік моделдеу және апробациялауға арналған зертхана ашылады. Ал «Мұнайхимия» саласы үшін мұнайөңдеу және нанотехнология үрдістер зертханасы құрастырылады. Зертханалық құрал-жабдықтарды сатып алу үшін, мемлекеттен 400 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.

Осының барлығы Қазақстанның және аймақтың білім нарығындағы біздің ұстанымымызды берік етеді деп есептеймін.

Үшінші қадам. Алдағы жылы «Серпін» бағдарламасы бойынша оңтіүстік өңірлердің мектеп түлектеріне арналған 300 грантты иелендік. Бұл да еңбек нарығындағы кадр тапшылығы мәселелерін шешуге ықпал етеді деп ойлаймын.

Төртінші қадам. Биылдан бастап біз екінші жоғары білім және магистратуралық бағдарламалар бойынша талапкерлерді тарту жұмысына көп мән бердік. Осы жылы мектепті тәмамдаған түлектердің жалпы санының аздығына қарамастан университетке қабылдау өтініштер санын 43 пайызға жуық өсірдік. Ал еңбек етуші тұрғындардың магистратураға және екінші білім бойынша өтініштер саны былтырғымен салыстырғанда екі есеге арттып отыр. Енді дайындығы үздік талапкерлерді іріктеуде, жұмыстан білім демалысына келіп білім алушыларды оқытуда да тәжірибеміз мол.

Білім күні қарсаңында біз өңіріміздің ұстаздарын жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Біздің ортақ ынтымақтастығымыз – адам капиталының сапасын арттыруға, жалпы республика және облысымыздың еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған ортақ іс.