Астанада өткен «Ұлағатты ұстаз» атты 7 республикалық байқауда, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің география жане туризм кафедрасының аға оқытушысы Гүлмаржан Қасенова «Презентациялар және олардың оқу процессіндегі рөлі» наминациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Университетіміздің білікті ұстазы Гүлмаржан Қасенова білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялардың әдістемелік жұмысын барынша дәлелдеп, жарыста бірінші дәрежелі дипломға қол жеткізді.

Аталмыш байқауда Гүлжан Қасенова, студенттердің оқу қызметін ұйымдастырудағы ерекшеліктерін көрсететін, жаңа білім беру стандарттарының талаптарына қазіргі заманғы ақпараттық - коммуникациялық технологияларды кеңінен білетіндерін жеткізді.

Қазылар алқасы аға оқытушы Гүлмаржан Қасенованың талапты тәжірибесіне жоғары баға беріп, әрі қарай да оқытушылық тәжірибесін және студенттердің ой өрісін дамытып жүзеге асыруын тілге тиек етті.

Гүлмаржан Қасенова жинақтаған тәжірибесін «География және туризм» кафедрасында оқып жүрген студенттердің сабағында көрсетті.

Байқаудың басты мақсаты - заман талабына сай білім беруде жаңашыл, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаздардың тәжірибесін кеңінен насихаттау.

Астана қаласындда «ZIAT» ғылыми –әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауға еліміздің барлық аймақтарының оқытушылары қатысты. Ұстаздарға, тәжірибе алмасуға үлкен таптырмас игі істердің бірі болды.