С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттері Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығынна орай «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» қайырымдылық шарасына қатысты.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» қайырымдылық шарасы аясында оқытушылар мен студенттер басында баспанасы жоқ әйелдерді қайта оңалту және бейімдеу орталығына азық-түлік тауарлары, тұрмысқа қажетті заттар мен ойыншықтар апарып берді.

Орталыққа өмірдің талқысына түсіп, баспанысыз қалған 18 жасқа толған қыздар мен кәмілетке толмаған балалары бар аналар қабылданады. Бір уақытта орталықта 30 адамға дейін қиналған жандар қолдау мен қамқорлық таба алады.

«Мұнда әйелдер басқалар тарапынан көрген зорлық фактісі бойынша учаскелік полиция қызметкеріне шағымдана алады. Одан бөлек, біздің орталықта құқықтық, медициналық және психологиялық қолдауға ие болып, жұмысқа орналасу, толық әлеуметтік көмек ала алады», - деп мәлімдеді басында тұрақты баспанасы жоқ әйелдерді қайта оңалту және бейімдеу орталығының маманы Ирина Фархудинова.

«Бір ай бойы осы орталықта күн кешкен әрбір әйел, өмірге жаңа көзқараспен қарайды, үміті жалғанады. Қаламыздың көптеген нәзік жанды тұрғындары әлі мұндай орталықтардың жұмыс жасайтынын өкінішке орай білмейді», – деп өкінішін білдірді С.Торайғыров атындағы ПМУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Гүлфайрус Жапекова.

Руфина Торпищеваның фотосы