С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Эльбрус» карашай-шеркес және кабардин-балқар этномәдени бірлестігі және ұлттық қайта өрлеу аймақтық мектебінің оқушыларның қатысуымен мерекелік концерт өтті.

Концертті «Эльбрус» қаршай-шеркес және кабардин-балқар аймақтық этномәдени бірлестігінің төрағасы Мария Байрамкулова аштты. Ол өз сөзінде этномәдени бірлестіктің жұмыстрының негізгі бағыттарын айқын көрсетіп, атап өтті: «Эльбрус» қарашай-шеркес және кабардин-балқар аймақтық этномәдени бірлестігі ұлттық этникалық қасиеттерімізді, тілімізді, тарихымызды, ғұрыптарымызды, салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді сақтауға және дамытуға барынша жұмыстар атқарып келеміз. Бұл жолда еш кедергіге де ұшыраған емеспіз. Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, қазақ мәдениетімен танысуға, мемлекеттік тілді меңгеруге және Қазақстанның гүлденуіне өз үлесімізді қосуға да белсенді атсалысып келеміз», – деді.

Бүгінгі концертте әншілердің әуезді әні де мың бұралған бишілердің билері де болды. К. Даржуман атындағы ұлттық қайта өрлеу мектебінің «Чипчик», «Къуанч», «Минги Тау» вокалдық топтары тамылжыта ән салды. Концертте «Қазақстаным», «Орайда», «Си 1 эф 1 си фо», «Жаса қазағым», «Тек алға» әндері орындалды.

С.Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры, б.ғ.д., профессор Нұрлан Ержанов бірлестіктің өнерпаздарына алғысын жеткізді. «Мұндай танымды да тағылымды іс-шаралар С.Торайғыров атындағы ПМУ қабырғасында «Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына 20 қайырымды іс» республикалық іс-шаралар шеңберінде өтуде. Мұны – ел ішіндегі ұлтаралық ынтымақтастық пен бірлікті мұрат ететін ізгі істердің бастамасы деп білейік. Өйткені, әрбір этномәдени бірлестіктің қызметіне қанығу, әр ұлттың мәдениетін тану оқу ордамыздағы көпұлтты студенттердің, профессорлық оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің алдындағы құрмет, ізет және тектіліктің белгісі екенін мойындаған жөн», – деп бірлестік жұмысына құрмет танытты Нұрлан Телманұлы.

Кеш соңында «Эльбрус» қарашай-шеркес және кабардин-балқар аймақтық этномәдени бірлестігі және С.Торайғыров атындағы ПМУ «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасы өзара сыйлықтармен алмасты.

Руфина Торпищеваның фотосы