Металлургия, көлік және машина жасау факультетінің белсенділері С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттер үйінде концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Студенттердің сабақтан кейінгі бос уақытын ұйымдастыру мақсатымен, сонымен қатар «Жатақханадағы факультеттер күні» акциясы аясында металлургия, көлік және машина жасау факультетінің белсенділері Павлодар мемлекеттік университетінің жастар комитетімен бірлесе отырып концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

«Дұрыс ұйымдастырылған бос уақыт, әрі оны қызықты да мазмұнды істерге арнаған кезде, студенттердің оқу үлгерімінің, тәртібінің және жатақхананың ішкі тәртібін сақтауына, қоғамда өзін-өзі ұстау және қарым-қатынас нормаларының жақсаруына өз септігін тигізеді» - дейді металлургия, көлік және машина жасау факультетінің деканы Т. Токтағанов.

Іс-шара ән мен конкурстық сайыстарға толы болды. Сайыс жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталды. Аталмыш шараға факультеттің КВН командасы да қатысты.

Руфина Торпищеваның фотосы