С. Торайғыров ат. ПМУ студенті Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен студенттер, магистранттар мен аспиранттар арасындағы Ғылыми жұмыстардың халықаралық байқауына қатысты.
Байқау Е.Бөкетов атындағы ҚМУ Шетел тілдері факультеті және Челябі мемлекеттік университеті, Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті және Томбы политехникалық университеттерінің бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.
Халықаралық, республикалық ғылым додалары студенттердің білікті маман болуына әрі ғылыми зерттеу жұмыстарын жасуға даңғыл салады. Сондықтан да С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері, жас ғалымдары өздерінің бабы мен бағын ғылыми байқауларында сынауды әдет еткен. Жалпы бүгінде студенттердің және жас ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын ынталандыру белсенді шығармашылық іс-әрекетке тартудың басты қадамы болып отыр. Жоғары кәсіби мамандарды даярлауда оның рөлі өте зор. Жастардың ғылыммен шындап айналысуы нақты еңбек қызметіне даяр және талап етілетін маман болуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Аталмыш ғылым додасында Павлодар мемлекеттік университетінің намысын Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің Аударма ісі-401 тобының студенті Қалманова Асия қорғады. Ол «Медицина саласындағы хирургияның принциптері негізіндегі мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері» деген бүгінгі күндегі өзекті тақырыпты арқау еткен ғылыми жұмысын сәтті қорғап шықты. Студенттің ғылыми зерттеу жұмысына жетекшілік еткен ф.ғ.к., С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті Қамар Кәрімова.
Байқау жұмыстарының нәтижесі бойынша «Жаһандану жағдайындағы аударма ісіндегі өзекті мәселелер» бағыты бойынша Қалманова Асияның айтулы зерттеу еңбегі бірінші орынға лайықты деп танылды.