2014 жылдың 16 сәуірінде С.Торайғыров ат. ПМУ-да «Білім+» жобасы шеңберінде студенттер мен магистранттарға арналған «Жастар арасындағы этноконфессиялы төзімділіктің қалыптасуы бойынша студенттік белсенділері жұмыстарының әдістері мен қалыптары» атты іскерлік ойыны өтті.
Ойын мақсаты этникааралық және конфессияаралық келісімді нығайту жолындағы студенттік өзін-өзі басқару мүшелері арасында белсенді әрі ұстанымы берік азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған.
Аталмыш шара «Жас Отан» Жастар қанатының бастауыш бөлімшесінің ұйымдастыруымен өтті. Ойынға Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері қатысты.
Шараның модераторлары: С.Торайғыров атындағы ПМУ энергетикалық факультеттің 1 курс студенті Кириченко Лалита, С.Торайғыров атындағы ПМУ сәулет құрылыс факультетінің 1 курс студенті Көпбаев Нұрсұлтан.
Іскерлік ойын студенттер ортасындағы ұлттар мен ұлыстар арасындағы төзімділік тақырыбындағы мақсатты жобаларды жасау мен жүзеге асыруға ынталандыруды қалыптастыру үрдісінде студенттік белсенділердің қатысуына зор мүмкіндік береді. Сондай-ақ, осы сынды шаралар қазақстандық халықтардың мәдени және рухани құндылықтарын құрметтеуге және мадақтауға, мемлекеттің болашағы алдында өздерін жауапты сезінуге шақырады. Студенттердің өздері белсене ұйымдастырған ойын түріндегі кездесулер жас жігіттердің көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, патриоттық тәрбие және этноконфессиялық төзімділікті нығайту бағдарламалары бойынша жобаларды қорғауға бағытталған қабілеттері мен іскерліктерін дамытады. Сонымен қатар, аталмыш ойын студенттік өзін-өзі басқару мүшелері мен кез келген студенттің өзіндік жобалық жұмыстарының іске асырғандығын мақтан етуге ықпал етеді.