2013 жылдың 13-14 қарашасында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде демократия мәдениеті және адам құқықтарын алға бастырудағы жоғары білім берудің маңыздылығы туралы Халықаралық семинар өтіп жатыр.

Семинар мақсаты «Қазақстандағы демократия мәдениетін және адам құқықтарын алға бастырудағы жоғарғы білім берудің рөлі туралы» атты Еуропалық Одақ Кеңесінің бірлескен бағдарламасын талқылау. Аталмыш бағдарлама Қазақстанның Еуропа Одағына мүше елдердің білім беру жүйесіндегі ДАТ/АҚБ саласындағы ЕК шараларының нәтижелерін Қазақстанда таратып қана қоймай, сонымен қатар еліміздің білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көтеру, Қазақстанның білім беру саласында Еуропа Одағына кіретін мемлекеттермен бірлесуі үшін қамтамасыз ету.

Пленарлық отырыстың модераторы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім департаментінің Стратегиялық және инновациялық даму басқарамасының директоры Бибігүл Үтепқалиева.

Пленарлық отырыста С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Серік Өмірбаев және құрметті қонақтар: Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арын Орсариев, Қазақстан Республикасындағы Еуропа Одағы өкілдігінің техникалық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Елена Левченко, Еуропа Кеңесі Білім беру департаменті екіжақтық және аймақтық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Екатерина Долгова-Дрейер, Еуропалық Студенттік Одақтың өкілі Габриела Берган, Еуропа Кеңесінің жоғарғы білім бойынша сарапшысы Бастиан Бауманн.

Семинар жұмысы 3 сессиядан тұрады. Бірінші сессия «Жоғарғы білімнің тұрақты демократиялық мәдениеттегі рөлі» – модераторы: С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Серік Өмірбаев, Екінші сессия «Демократиялық азаматтылықты және адам құқықтарын алға бастыру» – модераторы: ҚР БҒМ ЖКБД Стратегиялық және инновациялық даму басқарамасының директоры Бибігүл Үтепқалиева. Үшінші сессия «Тәжірибедегі демократия» – модераторы: Еуропа Кеңесі Білім беру департаменті екіжақтық және аймақтық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Екатерина Долгова-Дрейер.

Сонымен қатар, сессия жұмысына Еуропа кеңесінің сарапшысы, әлеуметтік және азаматтық компетенцияларды дамыту жөніндегі департаменті, білім беруді дамыту жөніндегі орталық (Польша) Олена Стиславка, өндіріс технологиясы факультетінің деканы, Варшава технологиялық университеті (Польша), кәсіби білім берудің жоғарғы мемлекеттік мектебінің бұрынғы ректоры Андрей Колаза.

Конференция шеңберінде Еуропалық және Қазақстандық студенттік өзін-өзі басқару тәжірибесін демократиялық қағида негізінде іске асыру, тұрақты демократиялық мәдениеттегі жоғары білім берудің рөлі, адам құқықтары және демократиялық азаматтықты оқытудың әдістері, жоғары оқу орындары арасындағы және мектептер мен жергілікті бірлестіктер арасындағы қатынастар туралы қарастырады.

 

Семинар материалдары