2013 жылдың 31 қазанында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ғалымдарының 20 жобалары «Инновациялар – болашақ қуаты» атты Аймақаралық инновациялық форумда ұсынылған.
Форумның мақсаты – аймақтық пен салалық орталықтардың және кластерлердің институционалдық және инфрақұрылымдық ұйымдастыру-экономикалық тетіктерін дамыту және қалыптастыру басым бағыттарын анықтау.
Форум үйлестірушісі – АҚ «Индустрияны дамытудың қазақстандық институты» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Сейітғали Ғалиев.
Форум жұмысына Павлодар облысы әкімі Ерлан Арын, Швеция Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Манне Венгборг, Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Пэк Чу Хён қатысты.
Аталмыш іс-шарада С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Технологиялық трансферті және инновациялар Аймақтық орталығының директоры Сергей Смаилов инновациялық орталықтардың Қазақстан экономикасының дамуындағы рөлі туралы баяндаған.
Сонымен қатар, Форумда А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының президенті, ҚР ҰҒА академигі Еділ Ерғожин, Томск облысы әкімшілігінің Ғалым және инновациялық саясат жөніндегі департамент кеңесшісі Наталья Арцемович, «Сібір ашық университеті» қауымдастығының атқарушы директоры, ф.-м.ғ.д., профессор Владимир Демкин, Алтай мемлекеттік университеті Инновациялық даму басқармасының басшысы Юрий Ладыгин, Томск мемлекеттік университеті Ғылыми басқармасының басшысы Иван Ивонин, Lorand Etwas University профессоры (Будапешт қ., Венгрия) Karoly Marialigeti (Карой Мариалигети) өз баяндамаларын ұсынған.
Форумға С. Торайғыров атындағы ПМУ ғалымдарының 20 жобаларының қатысуы ЖОО-ның аса маңызды жетістігі болып табылды.