2013 жылдың 7 қыркүйегінде Усолка мөлтегінің көпірінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің әкімшілігі, 1 курс студенттері, оқытушылары, қызметкерлері қатысуымен Денсаулық күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты: салауатты өмір салтымен шынығып еліміздің рухани ерекшеліктерін сыйлауға, сақтауға, мәдениеті мен дәстүрін құрмет етуге, тәрбиенің басты бағыттары: ақыл-ой, адамгершілік, үлкенді сыйлау, отбасын құрметтеу, патриоттыққа бағыттау және тәрбиелеу.

Мерекелік шараны ашқан С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаев өз сөзін: «Біздің халқымыз «Денсаулық – зор байлық» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан», – деп бастаған.

«Денсаулық күні» атты шараның барысында ПМУ студенттерінің қатысуымен марапаттаулар және әр түрлі спорттық ойындар өтті.

Шараға ПМУ әкімшілігі, профессорлық-оқытушылар құрамы, бөлімшелердің қызметкерлері және 1500 студент қатысқан.