С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті МШөөТ-301 тобының студенті Қуанышбек Мәжітов Сплит қаласында (Хорватия) өткен Грэпплинг, панкратион және әуесқойлық ММА спорт түрлері бойынша әлемдік біріншілігінде жеңіске жетті.

FILA қамқорлығымен ұйымдастырған Біріншілік аясында 16-17 жастағы кадеттер, 18-19 жастағы юниорлар, 35 жастан үлкен ардагерлер күрескен.

Хорватияда өткен халықаралық жарыста 30 елдің 600-ден астам спортшысы қатысқан.

Қуанышбек Мәжітов ел Бiрiншiлiгiн ұтып, әуесқойлық ММА бойынша Қазақстан Республикасында чемпион атанды.

Халықаралық жарыс нәтижесінде ПМУ спортшысы панкратион және әуесқойлық ММА спорт түрлері бойынша әлем чемпионы атанып, жеңіспен елге оралды.