Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы шеңберінде Аға ғылыми қызметкерлер тобы (АҒҚТ) және кіші ғылыми қызметкерлер тобы (КҒҚТ) үшін грантттар бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыруға арналған конкурс жариялайды.

Конкурсқа ғылыми-зерттеу саласында тәжірибесі мен жетістіктері бар ғалымдар, инженерлер тобы, сондай-ақ заңды тұлғалар қатыса алады.

Ғылыми жобаларды іріктеу әдісі: Халықаралық ғылым және коммерцияландыру жөніндегі кеңес мүшелерінің екі сатылы іріктеу үдерісі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі осы хабарландыру жарияланған күннен басталады. Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер 2013 жылғы 15 қыркүйегіне Астана уақытымен 23.00-ге дейін электронды нұсқадағы өтінімдерін жіберуі қажет.

АҒҚТ және КҒҚТ үшін гранттар бағдарламасы бойынша толық ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: ҒжИД каб. 233 а, іш. 1235 және сілтеме бойынша: Нұсқау үлгісін алу